Оқиға 11 ақпанда Алматы-Орал рейсінің бортында болған.
Оралдық дәрігер ұшақ бортында талып қалған баланы құтқарып қалды
pixabay.com
487
оқылды

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала ауырып, тыныс алуы мен жүрек соғысы тоқтап қалған. Ол диспансерлік есепте тұрады, деп жазды Aikyn.kz.

Сол рейсте ұшақ бортында жолаушы ретінде БҚО көпсалалы балалар ауруханасының дәрігері отырған. Ол дереу баланың жағдайын бағалап, оған медициналық көмек көрсетіп үлгерді. Кейін оған тиісті дәрі-дәрмек берілді.

Баланың жағдайы тұрақталып, Орал әуежайына жеткен соң жедел жәрдем бригадасына жеткізілді.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі дәрігердің аты-жөнін атағысы келмеді.