Құралды әзірлеу осы 2024 жылдың аяғына дейін жоспарланған.
Елордалық ғалым қант диабетін ерте анықтаудың жаңа тәсілін ойлап тапты
Фото: almaty.tv
797
оқылды

Қант диабетін адамның тыныс алуы арқылы білуге болады. Елордалық ғалым күрделі дертті ерте анықтаудың жаңа тәсілін ойлап тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. 

Ғалым Аманжол Тұрлыбекұлы бұл ғылыми жоба жылдың соңына қарай аяқталады деп отыр.

Оның айтуынша, диабетке шалдыққан азаматтардың ас қорыту жүйесі бұзылады. Тиісті гормондар бөлінбейді. Салдарынан адамның дем алысы өзгереді, аузынан ацетон иісі шығады. Ал осы екі ерекшелік арқылы құрылғы диабеттің бар-жоғын анықтайды. Ғылыми жоба ойдағыдай аяқталса, смарт сағаттар арқылы қолдануға болады.

«Менің жоспарлауым бойынша,  бұл құралды барлық адамдарға қолдануға болатын болады, себебі қан талдамасын жүргізу және де басқа медициналық талдау қажет болмайды тек дем арқылы ғана. Құралды әзірлеу осы 2024 жылдың аяғына дейін жоспарланған», – дейді ғалым Аманжол Тұрлыбекұлы.