«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы отырысы барысында көктемгі су тасқындарының алдын алу және болдырмау бағытында жүріліп жатқан жұмыстардың барысы пысықталды.
Су тасқынына дайындық пысықталды
704
оқылды

Шарада алғаш болып сөз тізгіндеген облыс әкімдігі Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Нағима Темірбекова өңірдегі су қоймаларының сыйымдылығы 136,6 млн текше метрді құрай­тынын тілге тиек етіп, бүгінгі күнге су қоймаларында нақты 48,3 млн текше метр су жинақталғанын жеткізді. Яғни, бүгінде өңірдегі су қоймаларында 35 пайыз су жинақталып тұрғандығын баяндады.

Жамбыл облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Ералы Ақылбековтің айтуынша, өңірдегі елді мекендер мен шаруашылық объектілерін су басу қаупі бар екендігі айтылды. Атап айтқанда,  Шу, Талас және Аса өзендерінің арналарында су деңгейінің көтерілуі байқалған. Бұл жағдайға тау бөктеріндегі еріген қар суы мен жаңбыр сулары күрт молайған жағдайда аталған аумақтарда су тасқыны болуы ықтимал. Сол себепті алдын ала болжамдар жасалып қажетті шаралар жан-жақты қабылдану керегі айтылды.