«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Гендерлік теңдік – ел өркендеуінің кепілі» атты республикалық форум өтті.
«Гендерлік теңдік – ел өркендеуінің кепілі» атты республикалық форум өтті
716
оқылды

Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні қарсаңында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Гендерлік теңдік – ел өркендеуінің кепілі» атты республикалық форум өтті.

Форум жұмысына еліміздің қоғамдық өміріне белсенді араласып, түрлі жетістікке қол жеткізіп жүрген ғалымдар, сарапшылар, партия белсенділері, жастар қауымы, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Өз кезегінде, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов шаһардағы ғалым қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, Алғыс хат табыстады. 

«Әлемде ғалымдардың 30 пайызы – қыз-келіншектер. Ал елімізде бұл көрсеткіш 54 пайызды құрайды. Бұл – Қазақстанда қыз баланың білім алуына, ғылым жолын таңдауына ешқандай кедергі жоқ екенінің бір көрінісі. Яғни, елімізде әйелдер және отбасы ісінде, білім және ғылым саласында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр деген сөз. Дейтұрғанмен, аталған салада еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерді толғандыратын мәселелер де бар. Бүгін соны ашық айтып, жан-жақты талқылау үшін бас қосып отырмыз», – деді «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева.