ChatGPT-ді жасаған OpenAI бас директоры Сэм Альтман 7 триллион доллар қаржы жинауға кірісті. Осынша қаражат оған не үшін қажет болды?
ChatGPT-ді жасаушы 7 триллион доллар жинағысы келеді: бұл АҚШ-тың бір жылдық бюджеті (ВИДЕО)
Сэм Альтман қаражаттың біраз бөлігін БАӘ үкіметінен алуға келіссөздер жүргізуде. Фото tudosobreeventos.com сайтынан алынды
1,920
оқылды

Жасанды интеллектке арналған жаңа чиптерді шығару үшін қаржы жинағысы келетін компания басшысы туралы The Wall Street Journal хабарлады. Осы ақпаратқа сүйенген Aikyn.kz Құрама штаттардың федералдық бюджетіне тең қаражат Альтманға не үшін керек болғанын түсіндіреді.

Жылдам дамып келетін Дубайға ЖИ жүйелері өте қажет. Фото dubaifuture.ae сайтынан алынды

The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, бизнесмен қаражаттың біраз бөлігін Біріккен Араб Әмірлігінен алуға келіссөздер жүргізуде.

7 триллион доллар өте көп қаражат. Мысалы, Америка Құрама Штаттары автомобиль жолдарының құрылысына жұмсаған шығыннан әлдеқайда көп.

The Wall Street Journal басылымы OpenAI бас директоры Сэм Альтман Біріккен Араб Әмірліктеріндегі шенеуніктермен кездесіп, бірнеше жаңа чип зауыттарын салу жоспарын таныстырғанын жазды. Жобаның жалпы құны 5-7 триллион доллар көлемінде болады деп болжануда.

OpenAI бас директоры Сэм Альтман 7 триллион долларды осы Араб елінен іздеуде. Фото matthewrenze.com сайтынан алынды.

OpenAI жасанды интеллект жүйесін ары қарай жетілдіруге көп есептеу қуаты қажет (қазір ол Microsoft корпорациясына сүйенеді), яғни оған кремний чиптерін шығаратын көптеген зауыттар керек. Ал чип зауыттары арзан емес.

WSJ мәліметтері бойынша Альтман OpenAI әртүрлі инвесторлар, чип жасаушылар және энергетикалық компаниялар арасында серіктестік құруды ұсынып отыр. Олар бірге чип зауыттарын салуға ақша салады, содан кейін оларды чип өндірушілер басқаратын болады.

OpenAI жаңа зауыттардың негізгі тұтынушысы болғысы келеді. Амбициялық жобаның көп бөлігін қарыз есебінен қаржыландыру ұсынылуда. Келіссөздер енді ғана басталды, әлеуетті инвесторлардың толық тізімі әзірше белгісіз. Бұл жұмыс жылдар бойы созылып, ақырында сәтсіздікке ұшырауы да мүмкін.

Құны алтыннан қымбат Nvidia чиптері. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Nurphoto

Әлемге кремний чиптерін шығаратын зауыттар қажет екені рас – президент Джо Байден жақында АҚШ-та зауыттар салуға 52 миллиард доллар субсидия беретін CHIP заңына қол қойды. Сарапшылар Альтманның чип шығаратын нарықты өзгертуге арналған амбициялық жоспары керемет екенін мойындайды.

Бірақ 5-7 триллион доллар – бұл өте үлкен қаражат. Салыстырмалы түрде мұндай қаражаттың көлемін мынадай мысалдармен бағалауға болады:

23,36 триллион доллар: АҚШ-тың жалпы ішкі өнімі;

6,3 триллион доллар: АҚШ-тың 2022 қаржы жылына арналған федералды бюджеті;

2,31 триллион доллар: АҚШ-тың 2022 жылғы Ауғанстандағы соғысының құны;

4 триллион доллар: АҚШ-тың Екінші дүниежүзілік соғыстағы шығындары инфляцияны ескере отырып түзетілді;

330 миллиард доллар: 2030 жылға қарай әлемдегі аштықты тоқтату құны;

4,23 триллион доллар: Жапонияның жалпы ішкі өнімі;

3,08 триллион доллар: Microsoft-тың нарықтық капитализациясы;

32-ден 44 триллион долларға дейін: АҚШ-тағы 10 жылда денсаулық сақтау саласына жұмсалатын болжамды қаражат;

1,48 триллион доллар: Нью-Йорктегі барлық тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүліктің нарықтық құны.

Фото voiceofsikkim.com сайтынан алынды

Иә, жасанды интеллект технологиясы өте мол инвестицияны қажет етеді. Оның ішінде есептеуіш қуаттары мен чиптер, электр энергиясы мен адам капиталы, тағы басқа шығындар кіреді.

АҚШ Қытайға технологиялар мен чиптер беруге тыйым салғаннан кейін қытайлық компаниялар да өздері чип жасай бастады. Ресейліктер де қару-жарақтар шығаруға қажетті технологияларын дамыту үшін арнайы стратегия қабылдап барлық жабдықтарды өздерінде шығаруға күш салуда. 

Бұл жерде OpenAI басшысының жасанды интеллект саласының даму көкжиегін дұрыс анықтап, болашақ қаражат қайда құйылатынын болжауын да дұрыс түсінуге болады.