Іздеу жұмыстарына полиция, еріктілер мен әскерилер тартылды.
Абай облысында жоғалған 8 жастағы бала табылды
Фото: Абай облысы ПД
894
оқылды

Абай облысы Аягөз ауданында жоғалып кеткен 8 жастағы бала табылды.

«Бала Аягөз қаласының аумағынан табылды. Төтенше жағдайлар бөлімшелері тұрақты жұмыс орындарына оралып жатыр», - деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, 2015 жылы туған ұлы Иманғали Мерей Нұржанұлының 11 ақпан күні таңертең атпен үйден шығып кеткен. Туыстарының айтуынша, ол мал іздеуге шыққан. Ата-анасы өз бетінше таппаған соң, полицияға жүгінген болатын.

Іздеу жұмыстарына полиция, еріктілер мен әскерилер тартылды.