Көктемнің алғашқы айында демалыс күндері көп болмақ.
Қазақстан халқы наурызда жарты айға жуық демалады
19,445
оқылды

Қазақстандықтар наурыз айында екі мемлекеттік мерекені атап өтеді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Осыған байланысты ел тұрғындары бірнеше күн демалады. Бұл туралы электронды үкімет порталы жария етті.

Көктемнің алғашқы айында елімізде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мен 21-23 наурыз аралығында Наурыз мейрамы тойланады.

Атап айтқанда, Халықаралық әйелдер күні биыл жұмаға сәйкес келетіндіктен, тұрғындар бір күн  8 наурызда демалады.

Сонымен қатар ел тұрғындары 21-23 наурыз аралығында Наурыз мейрамын атап өтеді. 21-23 наурызда тойланатын Наурыз мейрамы бұл жолы бейсенбі, жұма, сенбі күндеріне сәйкес келеді. Сондықтан қазақстандықтар 23 наурыз сенбіге түскендіктен, 25 наурыз, яғни, дүйсенбі күні жұмыс күні болып саналмайды.

Осылайша, тұрғындар Наурыз мейрамын демалыс күндерін қосқанда 5 күн тойлайды. Наурыз айында аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар мереке күндері мен демалыс күндерін қоса есептесек, 14 күн демалады.