Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласындағы департаменті Туризм және спорт министрлігі жанындағы Спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі мөлшерде ақша ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Спортты дамыту дирекциясының басшысы қамауға алынды
469
оқылды

2022 жылы Қазақстан құрамасының Азия ойындарына қатысуы үшін Қытайда жасалған сапасы өте төмен спорттық аяқкиімдер мен рюкзактар сатып алынған,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Бұл ретте оның құны үш есе көтермеленген.

Сонымен қатар  жеткізуші аталған тауардың отандық өнім екені жайлы жалған құжаттарды ұсынған.

Салдарынан мемлекетке 383 млн теңге шығын келген", деп жазды департаменттен.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасының өкілдері бұған дейін берілген жабдықтардың сапасына шағымданып, оны "бірреттік" деп атаған болатын.

Сот санкциясымен Дирекция басшысының орынбасары қамауға алынды. 

ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жарияланбайды.