Әлеуметтік желіде қара бетперде таққан жігіт қайырымдылық істерімен танымал. Ол жақында тағы бір отбасына қуаныш сыйлады.
Қара бетперде таққан жігіт дертке шалдыққан жасөспірімнің отбасына қуаныш сыйлады
Фото: instagram.com/chelovekvmaskee
9,625
оқылды

Ол бұл жолы анасы мен төрт бауырын асырап жүрген 17 жастағы Ислам деген жігітке көмекке барған. Айтуынша, қарындасы бауыр циррозына шалдыққан. Сондықтан ағзасын алмастыру қажет. Ислам әлеуметтік желіде қарындасының еміне ақша қажет екенін айтқан болатын. Керек қаражат көлемі – 32 000 доллар. Бетперделі жігіт осыны көріп, оған көмек қолын созды.

Оқырмандарымен бірлесіп қыздың еміне керек қаражатты жинап, апарып берді. Сонымен бірге бұл отбасына тағы бір сый жасады. Ол пәтердің кілті болатын.