Ұшақта жолаушыларға бос кеңістікті ұлғайту және кресло санын көбейту мақсатында әуе компаниялары түрлі тәсілдерді қолдануда. Америкалық Southwest Airlines енді жұқа орындықтарды сынап көрмекші.
Енді ұшақтарда жаңа орындықтар орнатылады
Жаңа креслолардың концепт үлгілері. Фото biletik.aero сайтынан алынды
2,563
оқылды

Quartz сайтында жұқа кресло орнату әуе компанияларының табысын қалай өсіретіні туралы талдау мақаласын жариялады. Осы мақаланың негізінде Aikyn.kz ұшаққа көбірек жолаушылар сыйдыру мақсатын көздейтін шешімнің экономикалық және техникалық себептерін түсіндіреді.

Фото Southwest Airlines сайтынан алынды

Америкалық бюджеттік Southwest Airlines әуе компаниясының тапсырысымен жасалған жаңа Recaro креслолары келесі жылы авиакомпанияның  Boeing 737 Max 8 ұшақтарына орнатылмақшы. Recaro орындықтары бар қайта жобаланған салондар таза, заманауи дизайнмен ерекшеленеді. Олардың басты ерекшелігі креслолар тақта сияқты жұқа.

Пенопластан жасалған креслоның арқалығы «Recaro-ның автомобильдерге қойылған крелослардың тәжірибесін еске түсіреді» дейді өндіруші компания. Дегенмен ұшақтың салонындағы кеңістікті ұлғайту және бортта көбірек жолаушыларды орналастыру үшін креслоларды жұқа жасау үрдісі жалғасуда.

Бұл жаңа креслолар Southwest Airlines компаниясының жаңа Boeing 737 Max 8 ұшағында 2025 жылдың басында пайда болады.

2025 жылы қойылатын Recaro BL3710 орындықтары мүмкіндігінше аз орын алатындай етіп жасалған. Жасанды былғарыдан тігілген креслолардың алдыңғы жағында жұқа пенопласт қабаты бар.

Көптеген заманауи эконом кластағы орындықтар сияқты, борттағы ойын-сауық жүйесі «жеке құрылғы ұстағышымен» ауыстырылған. Ұстағыш – бұл смартфонды немесе планшетті ыңғайлы етіп ұстауға арналған ұзынырақ науа. Сонымен қатар, үш қатарда қойылатын креслолардың ені 43 сантиметрден 45 сантиметрге ұлғайтылған.

 

Фото Southwest Airlines сайтынан алынды

Жолаушы ұшақтарындағы аяқ аралығы әдетте орындық қадамымен өлшенеді, бұл бір орындықтағы нүктеден оның артындағы орындықтың сол нүктесіне дейінгі қашықтық. Эконом класс үшін америкалық ірі тасымалдаушылардың (Delta, American, United) ұшақтарында стандартты қадам 81 см болды. Жаңа жұқа орындықтар аяққа көбірек орын немесе ұшақ бортында тағы бірнеше қосымша қатар орналастыруға кеңістік береді. 

Фото Shutterstock сайтынан алынды. Авторы: Carlos Yudica

Кейбір тасымалдаушылар қосымша ақыға арнайы «премиум эконом» орындар ұсынады. Мысалы, Delta Air Lines ұшақтарында қосымша ақыға аяқ қоятын орынның кеңістігі 86 см болатын орындарды таңдауға болады. Әуе кемесінде әрбір сантиметр маңызды.

Федералдық авиация әкімшілігі 2022 жылы міндетті орындық өлшемдерін енгізуді көздеген болатын. Бірақ одан ештеңе шықпады. Әуе компаниялары әр рейстен мүмкіндігінше көп табыс алу үшін жұқа, жеңіл орындарға ұмтылуды жалғастыруда.