Бұл туралы «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы желідегі парақшасында хабарлады.
Айдын Рахимбаев қазақ тілін дамытуға 150 миллион теңге бөлді
1,234
оқылды

Елімізге белгілі кәсіпкер, филантроп Айдын Рахимбаевтың бастамасымен BI Group холдингі қазақ тілін дамытуға 150 млн теңге бөлді.

Бұл туралы «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы желідегі парақшасында хабарлады.

 «BI Group холдингі Qazaq Tili Endowment Qory-на 100 млн теңге көлемінде үлес қосады, одан бөлек қазақ тілін қолдауға арналған стартаптарға 50 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады.

Атап айтсақ, тіл үйренуге арналған Qazaq Lingo қосымшасын дамыту, балаларға арналған кітаптар мен өзге де маңызды жобаларды бірлесе жүзеге асырамыз. Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы BI Group қолдауымен қазақ тіліндегі сапалы контент қорын көбейту мақсатында шығармашылық ортаны ынталандыруға бағытталған түрлі байқаулар ұйымдастыруды да жоспарлады.

Қазақ тілін дамытуға қосқан үлесі үшін Айдын Рахимбаев мырзаға зор алғыс білдіреміз!

Барлық бастамаларыңызға сәттілік, кәсіптеріңізге береке тілейміз!», – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Президент қазақ тілін қолдау қорына 7 миллион теңге аударғаны хабарланды.