Ауыл шаруашылығы үшін арамшөптермен күресу қашанда қиын мәселе болатын. Енді ойын ережесі өзгеретін сияқты.
Сенсация: микробтар арамшөптерді жояды, бидайдың өнімділігін арттырады
Иллюстрацияны жасанды интеллект жасаған. Авторлығы: shedevrum.ai
1,109
оқылды

Егін және өсімдік шаруашылығында зиянды арамшөптермен күресуде жаңа микробтар туралы newatlas.com сайтында сенсациялық материал жарияланды. Сайттағы мақалаға сілтеме жасаған Aikyn.kz синтетикалық микробтардың пайдасы мен әсер ету механизмін түсіндіреді.

Фото agro.club сайтынан алынды

1940 жылдардың аяғында жасалған гербицидтер егіншілік әдістерін мәңгілікке өзгерткен «ғажайып» химиялық заттар деп аталып келді. Бірақ гербицидтер арамшөпті жойғанымен, адам ағзасына да түсіп көптеген аруларды туғызатынын айтқан ғалымдар 20-30 жыл бойы дабыл қағып келеді.

Егіннің өсуіне көмектесе отырып, арамшөптермен күресудің тұрақты, топыраққа қолайлы және улы емес әдісін табуға арналған зерттеулер әлемнің көптеген елінде жүргізілуде.

Сондай орталықтың бірі - Орталық Қытайда орналасқан Ухань қаласындағы Хуажун ауылшаруашылық университеті. Осы университеттің ғалымдары өнімділігі жоғары әрі экологиялық таза бидайға қол жеткізетін жаңалық аштық деп мәлімдеме таратқан.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Andy Sacks

Хуажун ауылшаруашылық университетінің командасы дәнді дақылдардың тазалығы мен өсуін жақсарта отырып, арамшөптерді өлтіретін микроскопиялық микробиома сияқты әрекет ететін SynComs деп аталатын жаңа зертханада өсірілген синтетикалық микроб жасаған. 

Арамшөптерден немесе бидай ризосфераларынан оқшауланған бактериялардан алынған, әсіресе бір SynCom өнеркәсіпке гербицидтерді пайдалануды азайтуға көмектесетін үлкен үміт көрсетті.

Жылыжайда төрт SynComs – C1, C2, C3 және C4 – салыстыру зерттеуінде С4 микробының бидай дақылдарының тазалығы мен өсуін жақсарта отырып, бидай дақылдарына шабуыл жасайтын инвазивті және зиянды ұсақ арамшөп Phalaris-ті тиімді жоятыны анықталды.

Фото poryadok.ru сайтынан алынды

«Таңдалған барлық SynComs бидайдың өсуін арттырды, бұл топырақ пен өсімдіктерді талдау (SPAD) мен жаңа биомассаның жоғарылауынан көрінді. Сонымен бірге SynCom C4 микробы гербицидтің төмен дозаларымен үйлескенде SPAD мәндерін және жаңадан шығып келе жатқан Phalaris major арамшөбінің биомассасын едәуір төмендетті», – дейді зерттеуші команда өкілдері. 

Осы нәтижелерден жігерленген, зерттеушілер бірнеше жыл қатарынан арамшөптермен ауыр зақымданған аймақта дала сынақтарын өткізген. Олар Axial гербицидінің әртүрлі өлшемдерімен тәжірибе жасап (25%, 50%, 75% және 100%), негізгі дәнді дақылдарды өсіруде қолданылатын химиялық заттарды айтарлықтай төмендетуге әкелуі мүмкін пропорцияларды тапқан.

«C4-тің 50% және 75% Axial гербицидінің комбинациясы бидайға гербицидтің жанама әсерлерін азайту арқылы бидайдың өсуін айтарлықтай жақсартты», – деп атап өткен зерттеушілер. 50% және 75% Axial гербициді қолданылған алаңдарда арамшөптер астық өнімділігін 16% және 25% төмендеткен. Ал Axial мен C4 комбинациясы арамшөптерді жойып, астықтың ысырап болуын 22%-ға азайтқан.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: AlexSava

Қытайлық ғалымдардың зерттеулері SynComs-пен гербицидтердің комбинациясы кең таралған арамшөптерді бақылауда және бидайдың өсуіне ықпал етуде синергетикалық әсер ететінін көрсетті. Осындай комбинация арамшөптермен күресудің тұрақты және экологиялық стратегиясын қамтамасыз етуі мүмкін екені дәлелдеп отыр.

Қазіргі жүздеген синтезделген қосылыстар интенсивті егін шаруашылығында кеңінен қолданылып, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырып, қол еңбегін азайтқанымен, гербицидтердің зияны да көп екенін жыл сайынғы зерттеулер көрсетуде.

Гербицидтер қоректік заттарды топырақ арқылы берілетін органикалық заттардың мөлшерін азайтып, адамның жаратылысындағы бірегей микробиоманы бұзады және біртіндеп егін өнімділігін төмендетеді. Ал өнімділікті көтеру үшін агрономдар қолданылатын химиялық заттардың көлемін жылдан жылға өсіруге мәжбүр.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Drs Producoes

Бұл зерттеуде ғалымдар SynComs C4 тек өзі ғана қоспада Axial гербициді болмаса да бидайдың өсуін айтарлықтай жақсартқанын анықтаған. Бұл қант негізіндегі, «сәтсіз» антибиотиктен алынған және тіпті өсімдік негізіндегі көбік сияқты «гербицидтердің» жаңа түрлерін жасап, оларды ауылшаруашылығында қолдануға болатынын зерттеудің болашағы зор екенін көрсетуде.

«C4 микробтары гербицидтердің төмен дозаларымен қолданылған кезде дала жағдайында арамшөптерді жойып, бидайдың өсуін ынталандыра алатын қос қасиетті көрсетті», – делінген қытайлық ғалымдардың зерттеу нәтижелерінде. 

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Daniel Balakov

SynComs пен төмен дозалы гербицидтерді біріктіру арамшөптермен күресудің тұрақты және экологиялық таза стратегиясы болады деп күтілуде. Бұл қазақ агротехника ғылымының да назарын аударатын жаңалық болары әбден мүмкін. Зерттеу нәтижелері Soil Ecology Letters журналында жарияланды. Зерттеуге қатысқан қытайлық ғалымдардың аттарына да назар аударыңыз: Амина Хадаят, Захир Ахмад Захир, Пэн Цай мен Чун-Хуэй Гао.  

Арамшөптермен күресте роботтарды қолдану. Фото gea.de сайтынан алынды

Хуажун университеті туралы қысқаша ақпарат

Орталық Қытайдың ең үлкен қаласы Уханда орналасқан Хуажун ауылшаруашылық университеті (HZAU) тікелей Білім министрлігіне бағынышты ұлттық университет. 120 жылдық тарихы бар университеттің Қытай еліндегі беделі өте жоғары. 

Университетте 2600-ден астам профессор мен оқытушы жұмыс істейді.

Олардың ішінде 312 профессор, Қытай ғылым және инженерлік академияларының 4 академигі, Дамушы әлем үшін Ғылым академиясының 2 академигі, АҚШ Ұлттық ғылым академиясының 1 шетелдік қызметкері бар.