Жол апаты қаладағы Әуезов даңғылында болған. 
Өскеменде 6 көлік соқтығысып, салдарынан 5 адам зардап шекті
436
оқылды

Өскемен қаласының орталық көшелердің бірінде 6 көлік соқтығысты. Салдарынан бес адам, оның ішінде 1 бала зардап шекті, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Жол-көлік оқиғасы қаладағы Әуезов даңғылында болған. 

«Ssanq Yong автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі М.Горький көшесінен Әуезов даңғылына шығып келе жатқанда Mitsubishi көлігімен соқтығысқан. Сол соққыдан кейін жол-көлік оқиғасына екі ГАЗ, Lexus және Lada Granta көліктері де тап болды. Ssanq Yong жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 5 адам, оның ішінде бір бала медициналық көмекке жүгінген. Абырой болғанда, ауыр жарақат алған ешкім жоқ.