Ойықтың барлық периметрін тексеріп шығуға арналған комиссия құрылып жатыр.
Майқайыңдағы іздеу-құтқару жұмыстары жалғаса ма?
1,043
оқылды

Майқайыңдағы апат орнында арнайы сканер ойық түбіндегі тау жыныстарының құрылымы өзгеріп, жұмсарып бара жатқанын анықтады. Әзірге іздеу-құтқару жұмыстары тұрақты түрде жалғасып жатыр, - деп атап Aikyn.kz

Облыстық ТЖД мәліметінше, кеше мамандар геологиялық радармен ойық түбін кезекті рет сканерлеген.

«Геологиялық сканерден алынған мәліметтерді зерделей келгенде, шұңқыр түбіндегі тау жыныстарының құрылымы өзгеріп, босаңси бастағаны анықталды. Нысанның жанында және астында қуыстар мен бос кеңістіктер бар. Кез келген сәтте тау жыныстары төмен опырылып түсіп кетуі мүмкін. Қазіргі күні ойықтың барлық периметрін тексеріп шығуға арналған комиссия құрылып жатыр. Комиссия тау массасын толықтай барлап, іздестіру жұмыстарын әрі қарай жалғастыру керек пе, жоқ па, соны анықтайды» деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Кеше апат орнында экскватор мен мамандар әдеттегідей режимде жұмыс істеді.

Бұған дейін жұмыс жүріп жатқан жерде терең ойық пайда болып, құтқарушылардың жұмысы шұғыл тоқтатылған еді.

Алайда көп ұзамай құтқару шаралары қайта жалғасты.