Ірі жол апаты Екатеринбург-Алматы тасжолында, Ақмола облысындағы Бірсуат ауылының маңында орын алды.
Ақмола облысында 11 көлік жол апатына ұшырады
524
оқылды

ЖКО кезінде 11 көлік соқтығысып, салдарынан бес адам зардап шекті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әлеуметтік желіде Ақмола облысындағы тасжолда болған ірі жол апатының видеосы тарады.

Екатеринбург-Алматы тасжолының 1318-шақырымында, Бірсуат ауылына жақын жерде бірнеше көлік соқтығысты.

"Оқиға орнына барған полицейлер Toyota Camry көлігінің 29 жастағы жүргізушісі қашықтықты сақтамай, жылдамдықты шектен асырып, сол бағытта келе жатқан Volkswagen Polo көлігімен соқтығысқанын анықтады. Оқиға салдарынан 11 көлік соқтығысты", – деп хабарлады Ақмола облысының Полиция департаменті.

Полиция ауруханаға жарақат алып, зардап шеккен бес адам жеткізілгенін хабарлады.