Бейнежазбаны Нұрлан Жунасов есімді Facebook қолданушысы жариялаған.
Атырауда балабақша тәрбиешіcі баланың басынан ұрған
504
оқылды

Әлеуметтік желіде тәрбиеші ерекше баланың басынан ұрған сәті түсірілген видео тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Видеода мекеме қызметкері бүлдіршінге екі алақанын көрсетіп, «10 бер» дейді. Алайда бала тек бір алақанын көтерген сәтте тәрбиеші «Қарасайшы, қарағым-ау!» деп оның басынан шапалақпен тартып жібереді.

Қалалық білім бөліміндегілер бұл оқиғаның «Дара-инклю» жекеменшік балабақшасында болғанын растады. Қазір аталған оқиға бойынша құзырлы органдар тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.

"Қалалық білім бөлімінің жанынан да қызметтік тексеріс ашылатын болады. Анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға бөлім басшысының қатаң бақылауында. Тексеру қорытындысымен оқиғаға қатысты заң шеңберінде тәртіптік шара қарастырылады", – делінген хабарламада.