Ол былтыр желтоқсан айында көпшілікке "Таптым-ау, сені" туындысын ұсынған.
«Басқа Бадықова жоқ»: әртіс Дариға өзін сынағандарға жауап берді
7,515
оқылды

"Келінжан" сериалында Айсараның рөлін сомдаған Дариға Бадықова ел арасында тараған сөзге жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі Aq pen Qara бағдарламасына қонақ болып, өзі түскен телехикаядағы рөлінен шыға алмай қалдым деген күмән үшін кино түсіргенін айтты.

"Айсараның рөлінен шыға алмай қалдым деген күмән болғаны үшін "Таптым-ау, сені" фильмін түсірдім. "Келінжан" ғұмыры ұзақ әрі әдемі сериал болды. Телехикая 6-7 жылға созылды. Сол үшін көрермен Айсараны қабылдады. Осыдан кейін "Таптым-ау, сені" киносын әдейі осылай жасадым. Одан кейін әйел заты, еркекшора қыз көтере алмаса да, барлық жүкті өз мойынына алады ғой. Бірақ әйел заты ол жүкті көтере алмайтынын дәлелдетті ғой", – деді Дариға Бадықова.

Сонымен қатар өнер иесі актерлерді экраннан жиі көрінгені үшін сынайтындарға қарата ойын тарқатты.

"Басқа Бадықова жоқ. Басқа Әбдірайымов, басқа Қоянбаев жоқ. Құдай әрқайсымызды жалғыздан жаратты. Құдайдың жоспарына қарсы шыға алмайсың ғой. Қай жақтан табады енді? Комедияның да, драманың да образын өзгертуге болмайды", – деді ол.