Жас жігіт бүйрегін сатамын деп ұсталды.
Бүйрегін сатпақ болған 19 жастағы жігіт ұсталды
Фото: видеодан скриншот
1,541
оқылды

Көкшетауда бүйрегін интернет арқылы сатпақ болған 19 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ер адам бүйректі небәрі 18 мың долларға бағалаған. Бұл ақшаға құмар ойынның кесірінен қордаланған қарызын қайтармақ болған. 

Бүйрегін саудалау үшін Астанадан Көкшетауға арнайы барған. Ағзасын 18 мың долларға сатса, қарызын толық өтейді екен. Сол себепті бүйрегін жарнамалап, ағза ауыстыру отасын және медициналық тексеріс шығынын өзі көтеріп, ұйымдастыратынын айтқан. 

Осы хабарландыруды байқап қалған тәртіп сақшылары жасырын келіссөз жүргізді. Бүйрегін сатпақ болған жігіт 8 миллион теңге алып жатқан жерінде қолға түсті. Енді ол өз мүшесін саудалағаны үшін заң алдында жауап береді.  

«Қазіргі уақытта аталған факті ҚР ҚК 116-бабы, яғни адам ағзасы мен тінін алып қоюға мәжбүрлеу, алып қоюға қатысты заңсыз мәміле жасау бойынша тіркеліп, тергеу басталды. Ол өз еркімен ағзасын сату үшін басқа қаладан Көкшетауға келген. Осы заңсыз әрекеті үшін күдікті 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – дейді Ақмола облысы ПД басқарма бастығының орынбасары Ербол Дүйсенбеков.