Астанада 11-сынып оқушылары 8-сыныпта оқитын қызды жабылып зорлаған.
«Төрт бала ұсталды»: министр 8-сынып оқушысын жабылып зорлағандар жайлы айтты
Фото: Halyq Uni
1,022
оқылды

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Астанада 8-сынып оқушысын зорлағандар ісіне қатысты пікір білдірді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Журналистер Мәжілістің кулуарында министрден 8-сынып оқушысын топ болып зорлағандар жайлы сұрады.

ІІМ басшысы мұндай факті бар екенін растап, қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді.

«Өкінішке қарай, мұндай факті болды. Біз ұсталғандардың, сонымен қатар кәмелетке толмағандардың кім екенін бірден анықтадық. Қазір қылмыстық іс қозғалып жатыр. Төрт кәмелетке толмаған бала ұсталды»,  деді Сәденов.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 11-сынып оқушылары 8-сыныпта оқитын қызды жабылып зорлаған. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, ол қазір зардап шеккен қыздың анасымен байланыста, қызбен психологтер жұмыс істеп жатыр.