Бұқар жырау ауданы жедел уәкілі Дәурен Тұрсынбековтің әкесі мен анасы Төлеген Рахметов пен Алма Рахметова қайтыс болған.
Қарағанды облысындағы жарылыс: полицейдің ата-анасы қаза тапты
Фото: Inbusiness.kz
1,987
оқылды

Ботақара ауданында екіқабатты тұрғын үйде болған жарылыстан қаза тапқандардың есімдері белгілі болды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап. 

Олар Бұқар жырау аудандық Полиция басқармасының жедел уәкілі Дәурен Тұрсынбековтің ата-анасы болып шықты. Полиция департаменті әріптестеріне қайғырып көңіл айтты.

Еске сала кетсек, бүгін, 30 қаңтарда Ботақара ауылында екіқабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылды. Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, бес адам жарақат алды.

Бұқар жырау аудандық Полиция басқармасының жедел уәкілі Дәурен Тұрсынбековтің әкесі мен анасы Төлеген Рахметов пен Алма Рахметова қайтыс болған.