Жергілікті жерде арнайы штаб ашылды.
Қарағандыдағы жарылыс: үйінді астынан екі адамның мәйіті табылды
535
оқылды

Қарағанды облысы Ботақара кентінде болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы елді мекен әкімі Абылай Сұлтанғали Instagram-дағы парақшасында жазды,  деп хабарлайды Aikyn.kz

Екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылып, адамдар үйінді астында қалған болатын.

"Құрметті тұрғындар, өздеріңіз білетіндей екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны атылды. Өкінішке қарай, екі адам қайтыс болды. Қаза тапқандардың отбасына және жақындарына қайғыра көңіл айтамын.

Жергілікті жерде штаб ашылды. Зардап шеккен тұрғындарға көмек ұсынылып, уақытша орналастырылды. Біз қазір оқиғаны реттеу үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатырмыз. Жағдай облыс әкімінің бақылауында",  деп жазды кент әкімі.

Қарағанды облысы ТЖ департаментінде 8 (7212) 51-72-23 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді.