1-сынып оқушылары қысқы демалыста 7 күн демалады.
1-сынып оқушылары қосымша қысқы демалысқа шығады
Фото: Астана білім басқармасы
841
оқылды

Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі елімізде 1-сынып оқушылары қашаннан бастап қосымша каникулға шығатынын хабарлады. Бұл туралы ведомствоның Instagram-парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша, 1-сынып оқушылары қысқы демалыста 7 күн демалады.

"Еліміздің мектептерінде 2024 жылғы 8 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды. 1-сыныпта білім алушыларға 2024 жылғы 5-11 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріледі", – делінген хабарламада.