Оқиға 25 қаңтарда Қызылордадағы «Қорқыт» сауда үйінде болған.
Қызылордалықтар «Қорқыт» сауда үйінде арзан аяқкиімге таласты
Фото: видеодан скриншот
559
оқылды

Спорттық аяқкиім сататын дүкен иесі барлық затты жеңілдікпен сатқан. Бұл туралы Aikyn.kz AstanaTV-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Арзан аяқкиім алмақ болған тұрғындар даурығып, жапатармағай ұмтылған. Дүкен иесі көпшіліктен кешірім сұрады.

Сауда үйінде спорттық аяқкиім сататын жеке кәсіпкер 23 қаңтарда әлеуметтік желіде барлық аяқкиімді 1 000 теңгеден жаппай сатылымға шығаратыны туралы хабарлама таратқан.

«Жеңілдік ұйымдастырылған күні адамдардың шектен тыс көп жиналуына байланысты келеңсіз жағдай болды. Дүкенді иесі сағат 10:30-да жабуға мәжбүр болған. Осы жағдайға байланысты кәсіпкер халық алдында кешірім сұрады. Ел арасында дүрбелең туындаған соң кәсіпкер аяқкиімдерді мұқтаж адамдарға таратып, қарттар үйіне берді. Сондай-ақ жеке кәсіпкерге ескерту алды. Қазіргі таңда «Қорқыт» сауда үйінде жағдай тұрақталды. Жаппай сатылым барысында адам қауіпсіздігін сақтау керектігі туралы сауда нысандарында түсіндірме жұмысы жүргізілуде», – деді Қызылорда облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өкілі.