Жеңіл көлік жол жиегіне аударылып қалған.
Жылдамдықты асырған: Атырау облысында жол апатынан 32 жастағы жүргізуші көз жұмды
488
оқылды

Жол апатынан 32 жастағы жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 26 қаңтарда сағат 19:00 шамасында болған.

«Республикалық маңызы бар Атырау-Орал тасжолының 154-шақырымы тұсында Lada Granta автокөлігі аударылды. Тексеру кезінде 1992 жылғы жүргізушісінің рульге ие бола алмағаны анықталды. Жүргізуші оқиға орнында қаза тапты», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, көлік жүргізушісінің 24 қаңтар күні жылдамдықты шамадан тыс асыру дерегі «Кибер-Шериф» құрылғысы арқылы анықталған. Жүргізушіге жылдамдықты 133 км/сағатқа дейін асырғаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 592-бабы 2-бөлігімен хаттама толтырылған