Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырылды.
Атыраудың бұрынғы әкімі тергеу изоляторынан шықты
Фото: orda.kz
1,645
оқылды

Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық сотқа сілтеме жасап.

Сот өкілдерінің мәліметінше, Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 11 қарашадағы қаулысы бойынша Қайрат Оразбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған.

"Атырау облысы прокурорының ұсынысы бойынша Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен Оразбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы денсаулық жағдайына байланысты үйқамаққа өзгертілді", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, былтырғы қарашада Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.