Масаң күйде болған күдіктінің қолынан зардап шеккен оның көршілері – 23 жастағы жігіт пен оның қарындасы.
Маңғыстау облысында ауыл тұрғыны оқушыны зорлап, ағасын өлтірмек болған
фото: Halyq Uni
1,309
оқылды

Маңғыстау облысы Жетібай ауылында кәмелетке толмаған жасөспірімді зорламақ болған және екі адамды өлтіруге оқталған деген дерекпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Масаң күйде болған күдіктінің қолынан зардап шеккен оның көршілері – 23 жастағы жігіт пен оның қарындасы.

"Күдікті қамауға алынды. Тергеу барысы бақылауда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", – делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ауыл тұрғындарының айтуы бойынша, зардап шеккен оқушы қыз 8-сыныпта оқиды. Ал ағасы 23 жаста. Бірнеше пышақ жарақатын алғандықтан олар қазіргі уақытта ауруханада жатыр.

"Олар өте ауыр жағдайда болғандықтан бірден операция жасалған. 2004 жылы туған азаматта бірнеше екі жақты еніп тесілген кеуде жарақаты, сол жақ өкпенің төменгі бөлігіне енген пышақ жарақаты, екі жақты гемопневмоторакс, жарақаттан кейінгі геморрагиялық шок 1/2 дәрежелі, бел аймағында да бірнеше тесілген жарақаттары, сол жақтағы иықта да пышақ жарақаты болды. Сол жақ өкпенің жарасын тігіп, Бюлау әдісі бойынша плевраға дренаж қойылып, сол жақты торакотомия операциясы жасалды. Қазір жағдайы орташа ауыр", – дейді дәрігер Жамбыл Хасан.

Ал 2010 жылы туылған қыз іштің алдыңғы қабырғасы бірнеше жерден пышақталған, асқазанын да пышақпен жаралаған, гемоперитонеум, бастың, беттің бірнеше тесілген жарақаттары; 1/2 дәрежелі геморрагиялық шок болған.

"Біз қыз баланың асқазанын тігіп, бауыр астына дренаж қойдық. Қазір жағдайы орташа ауыр", – деді дәрігер.