Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы тұла бойы тұңғышын туған күнімен құттықтап, оған ерекше сыйлық тарту етті.
"Әкеңнің көзі ретінде тағып жүр": Ләйлә Сұлтанқызы ұлының туған күнінде оған ерекше сыйлық тарту етті
6,919
оқылды

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы тұла бойы тұңғышын туған күнімен құттықтап, оған ерекше сыйлық тарту етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ләйлә Сұлтанқызы ұлын туған күнімен қалай құттықтағанын Instagram желісінде көрсетті. Тележүргізуші тұңғышына аналық ақ тілегін жолдап, ерекше сый тарту етті. Ол перзентіне марқұм әкесі таққан сағатты сыйлады.

 "Сакошым! Маған алғаш ана бақытын сыйлаған жарығым. Саған тілер тілегім аналық жүрегімде. Құдайдан сұрарым тек денсаулық. Қалғанына өзіңнің ақылың мен еңбегің екі жақтап жеткізер, бұйыртса! Әкеңнен дарыған даналық сені биікке шығаратынына сенемін, менің ең жақын досым, ақылшым. Білімді бол, иманды бол. Ешқандай қиындық көрме. Достарыңның арасында осылай ойнап, күліп жүре бер. Әкесі екеуміз қатты армандайтынбыз, өзі де армандайтын. "Әкемнің осы сағатын таққым келеді" деп айтатын. Әкеңнің көзі ретінде тағып жүр", – деді Ләйлә Сұлтанқызы.