Оқыс оқиға бүгін Атырау қаласындағы Нұрсая ықшамауданында болды.
«Бомба бар»: Атырауда  мектеп оқушылары шұғыл эвакуацияланды
Фото: видеодан скриншот
2,532
оқылды

Әл-Фараби атындағы мектепке «бомба қойылғаны» туралы ақпарат түсіп, оқушылар, мұғалімдер мен қызметкерлер шұғыл эвакуацияланды. 

Оқиға орнында Полиция департаменті, Атырау облысы ТЖД қызметкерлері жұмыс істеді. ТЖД-ның 6 қызметкері, 1 техника, Апаттар медицинасы орталығынан 3 қызметкер, 1 техника жұмылдырылды. 

Бірер сағаттан соң аталған мектеп әкімшілігі жалған хабарлама түскенін растады. 

«Барлық алгоритмге сәйкес, мектептің барлық оқушылары, ұстаздары, техникалық қызметкерлері жедел эвакуацияланды. Ешқандай алаңдауға негіз жоқ. Жалған ақпарат тарату Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес жауапқа тартылады»,  делінген мектеп әкімшілігі таратқан мәліметте.

Баян Жанұзақова