Құтқарушылар пәтерде қамалып қалған үш жасар қызды алып шықты.
Пәтерде қамалып қалған үш жасар қызды құтқарды
Фото: ТЖМ-нен алынды
526
оқылды

Жабық пәтерде жалғыз қалып қойған 2020 жылы туған баланың анасы құтқарушылардан араша сұрады. Бұл туралы Aikyn.kz ТЖМ-не сілтеме жасап хабарлайды. 

Алматы облысы Қаскелең қаласында анасы кіреберіске кілтсіз шыққан кезде кішкентай қыз кездейсоқ есікті iшiнен құлыптап алған.

«Жаңа есікті бұзбас үшін альпинистік жабдықтың көмегімен пәтерге терезе арқылы кірді. Баланы анасына тапсырдық. Балаға медициналық көмек қажет болған жоқ», – деді құтқарушылар.

Мамандар кішкентай балаларды үйде қараусыз қалдырмауды ескертті. 

Бұған дейін Көкшетауда құтқарушыға ескерткіш орнатылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.