ҚазҰУ-дың №6 және 8 жатақханасының қирауы және құрбандар туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
ҚазҰУ жатақханасы қирағаны рас па? Университет әкімшілігі жауап берді
Фото:kaznu.kz
5,922
оқылды

Әлеуметтік желіде жер сілкінісінен ғимаратқа қатты зақым келгені туралы ақпарат тарап жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"ҚазҰУ-дың №6 және 8 жатақханасының қирауы және құрбандар туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Құрбан болғандар жоқ және ғимарат қирамаған", деп жазылған Алматы әкімдігі хабарламасында.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі Алматыда 4 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілді.