Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Шымкентте 11-сынып оқушысы суицид жасап, көз жұмды
588
оқылды

Шымкентте 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмды. Қазір құзырлы орган өкілдері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр,  деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Оқиға кеше кешкісін болды. Сағат 18.30 шамасында үйінен суицид жасаған 11-сынып оқушысының мәйіті табылған.

Шымкент қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, марқұмның сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы болған.

Сабақ үлгерімі де қанағаттанарлық.

«Қайғылы жағдайға байланысты құзырлы орган өкілдері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр», делінген басқарма ақпаратында.

Ал  Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдай Еңбекші аудандық Полиция басқармасында тіркелгенін мәлімдеді.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.