Шымкентте «AMANAT» пар­тиясы жанындағы «Жер ама­наты» комиссиясының ара­ласуы­мен дендро­сая­бақтың 0,29 гектар аумағы мемлекет меншігіне қай­тарылды.
Шымкенттегі дендросаябақ жері мемлекетке қайтарылды
2,742
оқылды

Таяу­да тағы 0,6 гек­тар жерді қай­тару жос­пар­лануда. Бұл ту­ралы ко­миссия мүшелерінің ме­га­полис тұрғындарымен кез­­десуі бары­сында белгілі бол­ды. Сондай-ақ «Кең баба» сая­бағы да мем­лекет мен­шігіне өтті. 

«AMANAT» партиясы жа­нын­дағы республикалық «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері Шым­кент қаласына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Олардың қа­тарында «Жер аманаты» комис­сиясы тө­рағасының бірінші орын­ба­сары, Ауыл шаруашылығы ми­нистр­лігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Те­міржанов, комиссия төраға­сының орынбасары, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек және комиссия мүшесі, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан бар.

«Жер аманаты» комиссиясы тө­рағасының орынбасары Ба­қыт­жан Базарбек атап өткендей, бұған дейін А.Асқаров атындағы дендро­ло­гиялық саябақтың кей­бір аумағы заңсыз иеліктен шы­ғарылған еді. 2005 жылы жел­тоқсанда қала әкімі 0,2430 гек­тар жер учаскесін үшінші тұл­ғаға беру туралы қаулы шы­ғарды. 2022 жылы мамырда халық қалау­лысы дендросаябақ орналасқан жерді иеліктен шы­ғарудың заңды­лығын тексеру қажет екенін айтып, АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне өтініш жолдады.

 «Шымкент қаласының Жер ре­сурстарын басқару департа­мен­ті жер телімін беру және ден­дросаябақ аумағының кон­фигурациясын өз­гер­ту кезінде заңбұзушылықтарды анық­тады. Дендросаябақ әкімші­лігіне иеліктен заңсыз шығарылған жер учаскелерін талап ете оты­рып, Шымкент қаласы әкімдігі шығарған шешімнің күшін жою туралы талап арыз беру қажет екені туралы ұсы­ныс жолданды. Дендроcаябақ бар­лық сот оты­рысын жеңіп, заң­сыз иеліктен шығарылған жерлер мем­лекет меншігіне қайтарылды. Бұ­рын­ғы әкімдер қабылдаған бар­лық заңсыз қаулының күшін жоя­мыз. Біз саябақтардың, гүл­зарлар­дың және басқа да қо­ғамдық орындар­дың жерлерін иеліктен шығаруға жол бер­мейміз», – деді ол.

«Жер аманаты» төрағасының орынбасары комиссия алдағы уақытта 0,6 гектардан астам жерді мемлекет меншігіне және дендробақ балансына қайтару үшін саябақ әкімшілігіне сот ісі барысында жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді. 

Бұдан соң комиссия мү­шелері 2,641 гектар жер аумағы жекемен­шікке заңсыз берілген «Кең баба» қалалық саябағына барды. Партия­лықтар Шымкент қаласы әкімді­гінің осы жер учаскесін жекемен­шікке беру туралы қаулысының күшін жою туралы Жер ресурстарын бас­қару жөніндегі комитетке тек­серу іс-шараларын жүргізу бойынша өтініш жіберілетінін атап өтті.

Осы күні «Жер аманаты» ко­мис­сиясының мүшелері үй­лері әуежай­дың санитарлық айма­ғында орна­ласқан Абай ауданы­ның Қызылжар тұрғын алабы­ның тұрғындарымен кез­десті. Қолданыстағы нор­матив­тік-құ­қықтық актілер бойынша ны­сан­­ның күзет аймағы 100 метрге дейінгі қашықтықта бо­луы тиіс. Оған әуежай маңын­дағы 139 гектар жер кіреді. Бүгінде мұнда 307 тұрғын үй орналасқан. Алайда аталған учас­ке­лерді мемлекет меншігіне алу қала бюджеті үшін үлкен ауыртпалық бол­мақ. Осыған байланысты Шым­кент әуе­жайын­да санитар­лық қауіп­сіз­дікті қамтамасыз ететін жаңа ұшу-қону жолағын салу туралы ше­шім қабылданды. Алайда жаңа жолақ салынатын ауданда 50 үйді бұзу қаупі бар. Комиссия мүшелері халыққа түсіндіру жұмысын жүргізді.

«Әуежай маңындағы қара­пайым халықтың баспанасы бұзылмайды. Біз осы мәселе бойынша тұрғындар­дың пікірін тыңдау үшін Шымкентке ар­найы келдік. Ортақ шешімге келу жолдарын қарастырып жа­тырмыз», – деді комиссия тө­ра­ғасының бірін­ші орын­басары Мұрат Теміржанов.

Былтыр Шымкенттегі «Жер аманаты» комиссиясы жұмы­сының арқасында Көкбұлақ тұрғын ала­бында ауыл шаруа­шылығы мақса­тын­дағы 603 гек­тар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар қала шегіндегі жалпы аумағы 1,33 гектарды құрайтын екі жер учас­кесі де мемлекет меншігіне қай­тарылды. Бұған дейін бұл жерлер ком­­мерциялық ком­панияға шаруа­шылық мақсатта берілген еді. Алайда жерді пай­далану мерзімі өтіп кетті.

Сондай-ақ «Жер аманаты» ко­миссиясының мүшелері Түр­кістан облысының жұртшы­лығымен де жүздесіп, заңсыз бөлінген, мақса­тына сай пайда­ланылмай жатқан ауыл шаруа­шылығы мақсатындағы жерді ортақ қорға қайтаруда мемле­кеттік органдардың қызметі қайта қарастырылып, құзыреті кү­шейтілгенін жеткізді. Өз кезегінде «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиа­лының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев «Жер ама­наты» жобасы аясында Түркістан об­лысында 1,3 млн гектар жер қай­тарылған мәлімдеді. Мәсе­лен, был­тырдың өзінде 335 мың гектар жайы­лым жер мемлекет меншігіне қайтарылып, партия­ның сайлауал­ды бағдарлама­сының Жол карта­сында бел­гі­ленген жылдық жоспар толы­ғымен орындалды.

Еске сала кетейік, бір жарым жылда ел аумағында 10 млн гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жерді әділ бөлу мәсе­лесіне ерекше назар ауда­раты­нын атап өткен жөн. «AMANAT» партиясы Президенттің қо­ғам­дық тірегі ретінде осы міндет­тің жүзеге асуына қоғамдық мони­торингі жүргізіп келеді.

Бұған дейін республикалық «Жер аманаты» комиссиясының бастамасымен әрбір ауылдық елді мекендегі жайылым тапшы­лығы мен мемлекет меншігіне қайтарыл­ған жер учаскелерінің тізбесі көрсе­тілген jerkarta.gharysh.kz интерак­тивті картасы әзірленген болатын.

Еске сала кетейік, жер мәсе­лелерін жедел шешу үшін қазақ­стандықтар «AMANAT» партия­сының 8 800 080 44 41 «Сенім теле­фоны» арқылы заңбұзушы­лықтың барлық фактісі туралы хабарлай алады. Өтінімдер WhatsApp арқылы да +7 700 800 44 41 нөмірі бойынша қабыл­данады.

Берік БЕК