Сот барысы бастан-аяқ "Жер аманаты" комиссиясының қадағалауында болды.
Дендросаябақтың жекеменшікке заңсыз берілген жері мемлекетке қайтарылды
Фото: El.kz
833
оқылды

"Жер аманаты" республикалық жер комиссиясының жұмысы нәтижесінде Шымкент Дендросаябағының заңсыз кеткен жерлері мемлекеттік меншікке қайтарылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Facebook-тағы парақшасында жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Депутат ресми түрде 0,29 га жер мемлекеттік меншікке қайтарылғанын растады.

– 2022 жылы мен тәуелсіз жер құқығы сарапшысы мен "Жер аманаты" Республикалық жер комиссиясының төраға орынбасары ретінде Шымкент қаласы әкімінің 23 желтоқсан 2005 жылы №2096 қаулысы негізінде Дендросаябақтың заңсыз шығарылған 0,2430 га көлемінде жерінің (кадастрлік номері: 19-309-094-050, кейінгі кадастрлік нөмері: 22-328-002-006) заңсыз үшінші тұлғалардың иелігіне табысталғанын тексеру мен қайтадан мемлекеттік меншікке қайтару жөнінде арызымды ҚР Жер ресурстарын басқару Комитеті төрағасы Мұрат Теміржановқа жолдаған болатынмын. Мұрат Баритұлының хатымен Шымкент қаласының Жер ресурстарын басқару Департаменті тексерісті ашып, тексеру нәтижесінде Жер кодексінің 39, 43, 44, 108, 109-баптарының нормаларының қатаң бұзылғанын анықтап, Дендросаябақ басқармасының атына ұсыныс түсірді. Түскен ұсынысты орындау мақсатында Дендросаябақ заңсыз шығарылған жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару және заңсыз әкімдердін шешімдерін бұзу туралы сотқа шағым түсіріп, 2023 жылы соттарды жеңіп шыққан, – деп жазды депутат.

Сот барысын бастан-аяқ "Жер аманаты" комиссиясы қадағалап, әкімдердің заңсыз шығарылған қаулыларының бұзылуы қатаң бақыланып отырды.

Депутаттың айтуынша, "Жер аманаты" республикалық жер комиссиясы мүшесі Жанарбек Әшімжан, Жер ресурстарын басқару Комитеті төрағасы Мұрат Теміржановпен, инспекторлары, Шымкент қаласы әкімдігі, "AMANAT" партиясы басшылығымен Дендросаябақтын сот шешімімен қайтқан жерлерін ресми тексеріп қайтқан.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаты, "Кең-баба" саябағын мемлекеттік меншікке қайтару бойынша істің сотқа берілетінін мәлімдеді. 

"Жер аманаты" республикалық жер комиссиясының жұмысы аясында Шымкент қаласында жекеменшікке өтіп кеткен Кең-баба саябағына келіп, тексеріп кеттік.

Шымкент қаласы әкімінің 08.09.2009 жылғы №1391 қаулысымен саябақтың 2,641 га жер үшінші тұлғаларға 10 жылға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына беріліп кеткен (жердің кадастрлік номері: №19-309-010-1042).

Кейін, аталған жер Шымкент қаласы әкімінің 02.02.2011 жылғы №108 қаулысымен жекеменшікке өтіп кеткен.

Бүгінгі "Жер аманаты" республикалық жер комиссиясының қорытындысы бойынша Жер ресурстарын басқару Комитетіне мен тиісті арызды жолдадым, тексеріс ашылады. Тексеру қорытындысы бойынша жоғарыда аталған әкімдердің қаулылары бұзылып, "Кең-баба" саябағы мемлекеттік меншікке қайтарылатын болады", – деп түйіндеді депутат Бақытжан Базарбек.