Жылыой аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, 9 қаңтар күні үйінен шығып кеткен 1985 жылы туған аудан тұрғыны осы уақытқа дейін оралмаған.
"Бейіттің қасында келе жатырмын". Атырау облысында жоғалған азамат әлі табылар емес
4,207
оқылды

Із-түзсіз жоғалған адам 9 қаңтар күні сағат 22.30 шамасында "Коммунизм таңы жанындағы бейіттің қасында келе жатырмын, адасып кеттім" деп анасына хабарласқан,  деп хабарлады Aiqyn.kz.

Қазіргі таңда аудандық полиция бөлімі Төтенше жағдайлар департаменті және әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.