Қаскөйлер кәмелетке толмаған жасөспірімді әбден қорлап, білгендерін істеген.
Петропавлда 17 жастағы бойжеткенді 5 жігіт зорлаған
913
оқылды

Қызының зәбір көргені жайлы полицейлерге арызды Петропавл қаласының тұрғыны жазған, деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Бірден іске кіріскен тәртіп сақшылары көп ұзамай осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бес адамды ұстаған. Олар 17 мен 20-ның аралығындағы жас жігіттер. Қазіргі кезде үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал екеуіне қатысты қолданылатын шара тергеу барысында анықталады. Сот сараптамасы тағайындалған.

Зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет үшін 15-17 жылға бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған.