Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына оқ тиіп, санитарлық авиациямен жеткізілген 21 жастағы науқасқа антибактериалды терапия, сиптоматикалық ем шаралары жүргізіліп жатыр.
Бетіне бытыра тиген: 21 жастағы Маңғыстау тұрғынының қазіргі жағдайы айтылды
482
оқылды

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының мәліметінше, науқастың жағдайы бірқалыпты, - деп жазды Aikyn.kz.

"Қазір тұрақты емін қабылдап жатыр. Дәрігерлердің бақылауында", - деді дәрігерлер.

Айта кетейік, науқас сол жақ бет аймағының атылған жарақаты, төменгі жақ сүйегінің ашық сынығы, мұрын, ауыз қуысында, көз аймағының артқы жағында бытыралардың, оқ дәрілердің болуы диагнозымен облыстық көпбейінді ауруханасына санитарлық авиациямен өте ауыр жағдайда жеткізілген. Осы уақытқа дейін жансақтау бөлімінде ем қабылдады.