Талдықорғанда мешітте намаз кезінде аяқкиім ұрлаған азаматтың әрекеті бейнекамераға түсіп қалған.
Талдықорғанда мешітке ұрлыққа түскен күдікті ұсталды
480
оқылды

Қалалық полиция қызметкерлері 29 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады,  деп хабарлайды Aiqyn.kz.

"Күдіктіні бейнебақылау камераларының көмегімен анықтауға мүмкіндік туды. Ұсталған адам ұрлыққа қатысын жоққа шығармай, кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініп отыр", – деді Талдықорған қаласы Полиция басқармасының бастығы Ернар Ширбаев.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.