Bir tolqynda диалог алаңында қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фрак­циясының мүшесі, Dalatex ЖШС дирек­торы Ділмұхамед Абизов жас­тармен кез­десті.
Қызылордалық белсенді жастар бас қосты
751
оқылды

Dalatex – отандық өнім ұсынушы бірден-бір компания. «Қазақстанның үздік тауары» көрмесіне қатысып, «Халыққа арналған үздік тауар» аталымы бойынша І орын иеленген. Бүгінде өз өнімін шетелге экспорттауда.

Фабриканың негізін қалаушы Ділмұхамед Абизов бизнес жолын 20 жыл бұрын бастаған. Dalatex деген атау – қазақтың даласында жұмыс істейді, өнім шығады деген ниетпен қойылды, – дейді.

Кеш қонағы қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, кәсіп бастаймын деген жастарға ақыл-кеңесін айтты. Сонымен қатар жастарды, білім алуға, бастаған істі соңына дейін нәтижелі жасауға шақырды. 

Жиналған жастар «AMANAT» партиясының мұн­дай іске мұрындық болғанына ризашылығын білдіріп,  келешек жоспарларына үмітпен қарайтынын жеткізді.

Берік БЕК