Бұл туралы бүгінгі Параламенттің бірлескен отырысы барысында айтылды.
Парламент қазақстандық әскерилердің БҰҰ миссияларына қатысуы туралы Жолдауын мақұлдады
471
оқылды

ҚР Парламенті қазақстандық әскерилердің БҰҰ миссияларына қатысуы туралы Жолдауын мақұлдады, - деп хабарлайды Aikyn.kz

БҰҰ шақыруы бойынша өзінің әскери техникасымен, қару-жарағымен және мүлкімен резерв ротасы ретінде 139 әскери қызметші санындағы алғашқы дербес ұлттық бітімгершілік контингентін «БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясына (UNDOF, Сирия-Израиль) орналастыру 2024 жылғы наурыздан бастап жоспарланып отыр.

Ол үшін тараптардың міндеттемелерін, сондай-ақ контингенттің миссияға қатысуын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін айқындайтын БҰҰ-мен халықаралық шарт жасалатын болады.