Автобус жатқан жердің асты ойық болуы мүмкін деген болжам бар.
Майқайың шұңқырына құлап кеткен автобус пен 2 адам әлі табылмай жатыр
Фото: pavlodarnews.kz
859
оқылды

Павлодар облысында Майқайың шұңқырына құлап кеткен автобус пен жоғалған екі адам әлі табылмай жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Майқайың кенішінің шұңқырына құлаған автобус пен жоғалған екі адамды іздестіру жұмыстары әлі нәтижесіз. Шағын экскаватордың жұмыс істеуіне жоғарыдан сусыған құм кедергі болып жатыр. Оның үстіне, автобус жатқан жердің асты ойық деген болжам бар. Осыны ескере келе, бүгін қатты троспен керме жасалып, экскаватор соған байланды. Осылайша, жер опырылған жағдайда техниканы құлатпай, жоғарыда ұстап қалады.

17 қаңтар күні топырақ астынан автобустың сынған бөлшектері, оттегі баллоны, тыныс алу аппараты мен қол сөмке, ал бүгін кеншінің бас киімі табылды.

Іздеу жұмыстары бүгін де жалғасады.