Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ ауылының тұрғындары сайлау науқаны кезінде ауылдағы тозығы жеткен клубты күрделі жөндеуден өткізсе, ауыл жастары жиналатын жалғыз орын деген өтініштерін айтқан болатын.
Мәдениет үйі 30 жылдан кейін жөнделді
793
оқылды

Ауылдықтардың өтініші ескеріліп нысанды күрделі жөндеуден өткізу «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасына енгізіліп жөндеу жүргізілетін нақты уақыты бекітілді.

 

«Біз әрбір нысанның уақытылы тапсырылуы үшін партиялық бақылау бекеттерін қойып, ондағы құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысын қадағалап отырамыз. Партия өзінің сайлауалды бағдарламасының  сапалы орындалуына баса насар аударады», – дейді «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мұхтар Төлеген.

Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары 2023 жылы шілде айында басталып өткен жыл соңында толығымен аяқталған. Мәдени нысанды жөндеуге 68 млн тенгеден астам қаражат жұмсалған.

«Ауылдықтар үшін мәдениет үйінің жөндеуден өткендігі өте қуантарлық жағдай болды. Себебі 30 жылдан бері жөндеу көрмей тоз- тозы шығып тұрған еді. Енді осы жерде балаларымыз үйірмелерге, спорттық секцияларға келіп қатысатын болады», - дейді ауыл тұрғыны Тілеубек Айтқазин.

Ғимаратта кітапхана, түрлі балалар үйірмелері, музыка мектебінің филиалы, спорт секциялары жұмыс істейтін болады.