Бес адам сотталып жатыр.
Оралда 13 жасар қызды зорлаған оқушыларға қатысты сот басталды
Фото: Sputnik / Владислав Воднев
943
оқылды

Оралда 13 жасар қызды топ болып зорлады деген күдікке ілінген оқушылардың соты басталды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Бес адам сотталып жатыр.

Қылмыс 12 маусымда сағат 01.00 шамасында болған. 15-16 жастағы 4 жасөспірім жалдамалы пәтерде 13 жастағы қызды зорлаған. Кейін тағы бір жас жігіт күдікке ілікті. Ол – ересек. Қылмыс болған пәтерді де кәмелетке толған жігіт жалға алған. Тергеу мәліметтері бойынша, олар қызды пәтерге алдап кіргізген.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, сотқа жіберілгенін хабарлады. Облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, іс өткен жылдың 13 желтоқсанында қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына түскен. Қазір ол қарастырылып жатыр. Процесс зардап шеккендер мен айыпталушылардың жасына байланысты, жабық режимде өтеді.

Айыпталушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі («Кәмелетке толмағанды зорлау») бойынша айып тағылды. Бұған қоса, оларға ұрлық пен тонау жасады деген айып тағылып отыр.