«AMANAT» партиясы аймақтық және жергілікті жерлердегі халықтың тыныс-тіршілігінен хабардар және елмен етене жақын болу мақсатында қоғамдық қабылдау бөлімдерін ашып, тұрақты жұмыс істеп келеді.
Қоғамдық қабылдау халықпен жақындастырады
624
оқылды

Бұл бірінші кезекте басқарушы органдағы азаматтарға жергілікті жерлердегі адамдардың өтініш-шағымдарын тыңдап, қордаланған проблемаларын шешуге қо­лайлы. 

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы, қалалық мәслихат депутаты Жанар Бектаева кезекті қоғамдық қабылдау өткізді. Жиынға қалалық тұрғын үй, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау және сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармаларының жауапты мамандары қатысты. Келушілердің дені жер мәселесіне қатысты шағымдарын жеткізді. Мәселен, қала тұрғыны Күлбара Пердебекова жер кезегіне тұруға көмек сұрай келген екен. Ал Ақшолпан Әбди­ева өзіне тиесілі жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін беруге келіскенін, алайда жер көлемі мен ақысы дұрыс есептелмегенін айтты. Кәмила Әліқұлова Сайрам тұрғын алабында өз меншігіндегі жер учаскесінің бір бөлігі мектеп меншігіне тиесілі деп мәжбүрлеп алып қою мүмкін екенін айтып келді. Барлық арыз-шағымдармен жіті танысып, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қаты­настары басқармасының жауапты маманы өз бақы­лауына алатынын жеткізді.