Заң жобасының негізгі мақсаты – "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын одан әрі іске асыру және барлық билік тармақтарының ашықтығы деңгейін арттыру.
Қорытынды жасауға әлі ерте: министр дау тудырған заң жобасы туралы айтты
591
оқылды

Бүгін Мәжілісте ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысуы туралы заң жобасы таныстырылды, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.

"Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылаулар өткізу және депутаттық заң жобалары бойынша реттеушілік әсерді талдау мәселесі төңірегінде қызу пікірталас болды.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазіргі кезде қорытынды жасауға әлі ерте екенін айтты.

"Заң жобасы бойынша жұмыс тобы енді ғана өз жұмысын бастамақ. Үкімет депутаттық корпуспен бірлесіп, талқылаулардан кейін екі жаққа да қолайлы шешім шығарады деп пайымдаймын", – деп жазды Аида Балаева

Ведомство басшысы сонымен бірге "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылдан бері қолданыста және азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ ақпарат иеленушілер қызметінің ашықтығы мен қоғам алдындағы есептілігін қамтамасыз етуге бағытталғанын еске салды.