Автомобиль индустриясы түбегейлі өзгерістер кезеңіне өткенге ұқсайды. Кеше ғана смартфон мен аккумулятор шығаратын компаниялар енді жеңіл көліктер жасай бастады.
Болашақтың көлігі Лас-Вегаста көрсетілді
Qualcomm көлігіндегі ғажап алдыңғы экран. Фото SlashGear сайтынан алынды. Авторы: Adam Doud
2,722
оқылды

Snapdragon бір кристалда орналасқан мобильді жүйелер желісін жасаушы Qualcomm компаниясы жаңа көліктің концептін ұсынғанын slashgear.com сайты жариялады. Aikyn.kz сайттағы мақалаға сүйеніп, смартфон шығаратын компанияның көлік шығаруға бетбұрысын түсіндіреді.

Qualcomm ұсынған көлік. Фото SlashGear сайтынан алынды. Авторы: Adam Doud

Әлемдегі технологиялық серпілістің ықпалымен жылдам өзгеретін, нарықтың сұранысына икемді ұтқыр экономика, ұтқыр өндіріс қалыптасуда. Бұдан 20-25 жыл бұрын Mercedes, BMW, Toyota мен Ford сияқты ірі автоконцерндер жаңа модельдерін 10-15 жылда бір рет шығаратын болса, қазіргі технологиялық жаңашылдықтың арқасында олардың модельдер желісі 2-3 жылда жаңаланып отыратын болды. 

Ал Apple, Samsung пен Huawei әр 10-12 айда тұтынушыға смартфондар мен басқа да девайстардың 4-5 түрін оңай ұсынады.

Қытайдың BYD компаниясы 2000 жылдардың басында аккумуляторлар мен күн батареяларын, ұялы телефондар мен басқа электроникаға арналған компоненттер шығарса, бүгінде электр көлігін жасайтын әлемдегі бірінші компания атануға жақын қалды. Осының бәрі технологиялық жаңару жылдамдығын дәлелдейтін мысалдар.

Біздің пікірімізді жақында америкалық Лас-Вегаста 9-12 қаңтар аралығында өткен CES 2024 (Consumer Electronics Show) технологиялық жаңашылдықтар көрмесі дәлелдей алады.

Көрмеде ұсынылған технологиялық жабдықтар туралы мына видеодан көруге болады. Qualcomm-ның жаңа көлігі де осында алғаш рет көрсетілді:

Осылайша, дүниені таңғалдыру кезегі америкалық Qualcomm компаниясына келгендей. Qualcomm барлық смартфондарда қолданылатын кремний негізіндегі ең қуатты чип жасаушы ретінде танымал. Компания сонымен қатар Snapdragon X Elite сияқты есептеу техникасын жасайды, оны біз осы жылдың соңында үздік компьютерлерде көретін боламыз. 5G модемін де, Snapdragon цифрлық шассиінің компоненттерін де  Qualcomm  өзі шығара бастады.

Соңғы кездері автомобильдер де мобильді смартфондарға ұқсай бастады. Смарт технология, әрқашан қосулы байланыс, дауыстық көмекшілер, навигация және басқа да пайдалы технологияларсыз қазіргі көліктерді көзге елестету қиын. Ал электр көліктері мүлдем басқа деңгейде жасалуда. Сондықтан Qualcomm-ның көлікте қолданылатын құрылғылардың ішкі компоненттерін, қосылу опцияларын және т.б. ұсынуы табиғи нәрсе болып көрінеді.

Фото SlashGear сайтынан алынды. Авторы: Adam Doud

Бір қызығы, Qualcomm Лас-Вегастағы әлемдік көрмеге өзінің жетістіктерін көрсету үшін бір емес, екі көлікті бірден алып келген. Оның бірі – болашақтағы автомобиль қандай болатынын көрсететін концепт болса, екіншісі – бүгін сатып алуға болатын көлік. 

Бүгін сатып алуға болатын BMW i7 x Drvie60 көлігі. Фото SlashGear сайтынан алынды. Авторы: Adam Doud

Бүгін сатып алуға болатын көлік – BMW i7 x Drvie60. BMW бірнеше жылдан бері Qualcomm компаниясымен бірлесіп жұмыс істейді және бұл көлік жоғары технологияның үлгісі болып саналады. Басқару элементтерінің көпшілігі сенсорлық экранға шығарылған, есіктерді ашу мен жабу сияқты басқа да көліктегі функциялардың көпшілігі дауыспен басқарылады.

Сіз «Әй, BMW» деп көліктегі жылуды қосуға, терезелерді ашуға немесе радиостансаны ауыстыруға тапсырма бересіз, көлік оны екі айтқызбай орындайды.

Бұл жаңа көлік туралы толығырақ білгіңіз келсе мына видеоға өтіңіз: BMW i7 x Drvie60 көлігінің артқы орындығында жайлылық пен сән-салтанаты көлік бағасына сай барлық ойын-сауықты қамтитын 31 дюймдік алып экран орнатылған. Бейнені экранның ортасында ойнатуға немесе кез келген бағытта айналдыруға болады. Бұған қоса, есіктің қол тірегінде орындықты өзгертуге, климаттық бақылауды реттеуге, массаж сеансын бастауға және сіздің алдыңызда экранда көрсетілетін нәрсені өзгертуге мүмкіндік беретін смартфон өлшеміндей экран да бар. Бұл - өте керемет шешім!

Сонымен қатар,ю автокөлік – сән-салтанаттың көрінісі, сондықтан жаңа көліктің бағасы 100 000 доллардан басталып, ары қарай өсе береді. Бірақ Merino былғары орындықтарымен, толық артқы массаж жүйесімен және басқа да технологиясымен қоса, бұл электр көлігінің бір қуаты 516 шақырым жолға жетеді.

Фото SlashGear сайтынан алынды. Авторы: Adam Doud

Ал Qualcomm болашақтағы көлікпен танысқысы келгендерге компания өзінің концепциясын ұсынады. Qualcomm жасаған бұл көлікте алдыңғы және артқы орындықтарда бірнеше экран, соның ішінде жүргізуші мен алдыңғы жолаушының алдында созылған ұзын экран орналасқан.

Электр көлігі өзін-өзі тексереді, диагностика жасайды. Көліктің ChatGPT-ге ұқсас өзінің LLM моделі бар, ол машинаның техникалық сипаттамалары мен иесінің нұсқаулығы негізінде оқытылады. Нәтижесінде, көлікке байланысты, сырттағы ортаға байланысты бір сұрақ туындағанда машинадан ненің дұрыс емес екенін сұрауға болады.

Көлік сізге қатенің себебін айтып қана қоймай, сонымен қатар оны қалай түзетуге болатынын да айтып береді. Қажет болса, мәселені шешуге болатын дилерді табу үшін Salesforce-пен бұлттық интеграцияны пайдаланып, тіпті сізге ыңғайлы кездесу уақытын белгілеп, сервистік қызметке жазылады.

Qualcomm көлігіндегі ғажап экрандар. Фото SlashGear сайтынан алынды. Авторы: Adam Doud

Snapdragon цифрлық шассиі смартфонның көптеген мүмкіндіктерін көлікке орнатып қолдануға мүмкіндік береді, ал Qualcomm ЖИ моделін жай орната салмай, оны болашақта қалай қолдануға болатыны туралы да көп ізденген.

Дауыстық байланыс – LLM-мен жұмыс істеудің өте табиғи тәсілі және көлік жүргізушінің оны қолдануға тамаша мүмкіндігі бар. Qualcomm ұсынған технологиялар жаппай автомобиль индустриясында қалай көрініс табатынын жақын жылдары білетін боламыз.

Қалай дегенмен де, мұндай жаңа технологиялардың іске асырылу ықтималдығы оптимизмге толы.