Ақтүтек бораннан жол көрінбейді.
Ауа райына байланысты 2 өңірде жол жүруге шектеу енгізілді
Фото: ТЖМ-нен алынды
1,914
оқылды

Екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Aikyn.kz «Қазавожолға» сілтеме жасап хабарлайды.  

Жамбыл облысында – 1 учаске 

1.«Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, 

Кенен а. - Қайнар а. – 79 км. 

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады.

Солтүстік Қазақстан облысында – 1 учаске 

1.«Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 62-228 км, Возвышенка а. -Рощинское а. – 166 км. 

Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады. 

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 748 бірлік техника және 1363 жұмысшы жұмылдырылды.