Маңғыстау облысына қарасты Түп­қа­ра­ған ауданы Ақшұқыр ауылының тұрғыны Қайрат Өтепов «Ауыл ама­наты» жобасы ая­сында несие алып, көлік жөндеу ор­талығын ашты.
«Ауыл аманаты»: Көлік жөндеу орталығын ашты
616
оқылды

Көлікті жөндеуге қажетті апараттарын толық алған Қайрат жобаның тиімділігін айтып отыр. Екінші деңгейлі банктерге қарағанда рәсімдеу өте жылдам болды. Алғашқы жылға демалыс алғанын, бірақ мерзімінен бұрын жауып, алда осы жобамен кәсіпті үлкейтуді, кооператив құрғысы келетінін жасырмады.

– Бес жылдан бері көлік жөндеймін. Міне, «Ауыл аманаты» жо­басының арқасында көлік жөндеу орталығымды аштым. Қажетті май ауыс­тыру, көлік көтеруге арналған, диагностика жасау­ға арналған техникаларымды алдым. Қазір тұтыну­шылар іздеп келеді. Өйткені осы бір жерден-ақ моторын, шанағын және тежегішін де қаратып алады. Тіпті, көліктің электр бөлшектерін жөнде­тіп, диагностикасын жасата алады. Барлық қызмет бір жерде болғасын тұтынушымыз көп. Біз сияқты өз ісін бастағысы келген кәсіпкерлерге қолдау көрсеткен жобаға алғысым шексіз, – деді жоба жемісін көрген Қайрат Өтепов.

Айта кету керек, 2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында өңірде 1,2 млрд теңгеге 165 жоба іске қосылды. Басым көпшілігі мал шаруашылығын қолға алып, жиһаз цехын, тігін шеберханасын ашып жатыр.

Бердібек ҚАБАЙ