Самат Әбіштің ісі сотқа жіберілді.
Самат Әбішке қатысты тергеу ісі аяқталды
Фото: Halyq uni
875
оқылды

ҰҚК төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі С.Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтағанын хабарлаймын. ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа жолданды», – делінген хабарламада.

Осы қылмыстық іс аясында Самат Әбіш ауыр салдарға әкеп соқтырған билігін және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қабылданған. Ол қазір Қазақстан аумағынан шықпаған.

«Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды қамтыған мәліметтер бар екенін ескере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді», – деп аталып өткен хабарламада.