Индонезия астанасы – Джакартада нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Азия чемпионатында мергендер төрт медаль жеңіп алды
821
оқылды

Қазақстан мергендері тағы төрт медаль жеңіп алды. Бұл туралы Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Винтовкамен 50 метрден жатып оқ атудан Арина Алтухова чемпион атанса (626,8 ұпай). Александра Ле қола жүлдегер атанды (618,4 ұпай).  Елизавета Безрукова 4-сатыдан көрінді (617,2).

Нәтижесінде, командалық сында да Қазақстан алтын жүлдені қанжығасына байлады.

Ал тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде Никита Чирюкин 568 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп, Джакартадағы медаль санын екеуге жеткізді.

Бұл екі бағдарламада Олимпиада лицензиясы сарапқа салынған жоқ.

Қазір жалпы есепте Қазақстан 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен 4-орында келе жатыр. Құрлық чемпионаты 18 қаңтарда аяқталады.