Қазір әуежай қызметкерлері ұшу жолағын мұз бен қардан тазалап жатыр.
Боран, көктайғақ: ауа райына байланысты Қарағанды әуежайы жабылды
1,025
оқылды

Бүгін таңертеңнен бері Қарағандыдағы “Сарыарқа” халықаралық әуежайы жабық тұр, – деп хабарлайды Aiqyn.kz. 

Әуе айлағы жұмысын түстен кейін жандандыруды жоспарлап отыр. Әуежай дерегінше, боран мен көктайғаққа байланысты Fly Arystan компаниясының Алматыға рейсі кейінге қалды. Сондай-ақ әуежай қолайсыз ауа райына байланысты осы әуе компаниясының Алматыдан келетін рейсін қабылдай алмады.

Әуе айлағы 3117 «Қарағанды-Жезқазған» рейсін 15.00-де, ал 7122 «Қарағанды-Алматы» рейсін 17.00-де ұшыруды жоспарлап отыр.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қарағанды облысында 14 қаңтарда ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Синоптиктер бұрқасын, көктайғақ және күндіз секундына 23-28 метрге жететін жел соғады деп болжаған.